Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде ел бюджетінен қаржы жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - делінген агенттік хабарламасында.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.