Ресейдің саясатымен келіспеген Өзбекстан министрі ауруханаға түсті

Ресейдің саясатымен келіспеген Өзбекстан министрі ауруханаға түсті

Ресейдің саясатымен келіспеген Өзбекстан министрі ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Украинаның тәуелсіздігі мен тұтастығын ғана мойындаймыз деген мәлімдеме жасаған соң, аураханаға түсіп қалды деп хабарлады turkystan.kz. Өзбекстан Сыртқы істер ведомствосының хабарлауынша, Абдулазиз Камилов соңғы он күннен бері созылмалы ауруының асқынуына байланысты Ташкент қаласындағы Бас медициналық басқарманың №1 Орталық клиникалық ауруханасында емделген. Қазір ол емдеу шараларын жалғастыру үшін шетелге кетті. Еске сала кетсек, өзбек министрі 17 наурызда, ауруханаға жатар алдында Олий Мажлистің 24-пленарлық мәжілісінде Өзбекстанның Украинаға қатысты ресми ұстанымын айтып, өздерін-өздері жариялаған «Луганск халық республикасы» мен «Донецк халық республикасы» деген құрылымдарды мүлдем мойындамайтынын мәлімдеген болатын.