Неміс депутаты «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына қызығушылық танытты

Неміс депутаты «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына қызығушылық танытты

Неміс депутаты «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына қызығушылық танытты
ашық дереккөзі
Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz. Қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстанның Германиядағы елшісі Дәурен Кәріпов Еуропа Парламентінің депутаты, «Социал-демократтардың прогрессивті альянсы» фракциясының вице-төрағасы Исмаил Эртугпен кездесті. Сұхбат барысында Қазақстанның Германиямен және еуропалық институттармен өзара іс-қимылының саяси және экономикалық мәселелері, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қозғалды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында жария етілген саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды іске асыру барысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, еуродепутат еліміздің мемлекеттілікті нығайту жолында «үлкен жұмыс атқарғанын» атап өтті. Сонымен қатар, И.Эртуг Қазақстанның «жасыл» энергетиканы дамыту жөніндегі жоспарларына оң баға берді. Кездесу соңында Д.Кәріпов парламентаралық диалогты одан әрі нығайту бойынша И.Эртугпен ашық пікір алмасты. Тағы оқи отырыңыз: Ақорда үш елдің Президентінен келген жеделхат мәтінін жариялады