«Жалаңаш шықсам, ұнаймын ба?» - Аша Матай

«Жалаңаш шықсам, ұнаймын ба?» - Аша Матай

«Жалаңаш шықсам, ұнаймын ба?» - Аша Матай
ашық дереккөзі
Қазақстандық танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай оқырмандарының қолайсыз сұрақтарына жауап берді деп жазды turkystan.kz. Жүргізушіге оқырмандарының бірі «Пәтерге ақша жинаған дұрыс па? Әлде өз қалауыңша өмір сүрген артық па?» деген сұрақ қойған болатын.
«Әрине, ақшаны жинау керек. Мен ақша үнемдегенді әрі оны көбейтуді жақсы көретін адаммын. Меніңше, әрбір адамның өмірлік мақсаты – отбасын құру және өз еңбегімен жылы әрі жайлы үйіне қол жеткізу. Өмірлеріңді құр босқа өткізбей, өздеріңе, туғандарыңа жақсылық жасаңдар. Сонымен бірге, белгілі бір пайызын садақаға беріңдер», – деп кеңес берді актриса.
Кей оқырмандар Ашаның қалың пиджак, свитер кигенін емес, басқаша имиджде көруді қалайтындарын жеткізді.
«Сонда сендер нені қалайсыңдар? Жартылай жалаңаш шығайын ба? Жалаңаш шықсам, сендерге көбірек ұнаймын ба?» – деп ашынды Аша.