Бағдат Мусин Apple компаниясымен бірге қазақстандықтарды алаңдатқан мәселені шешті

Бағдат Мусин Apple компаниясымен бірге қазақстандықтарды алаңдатқан мәселені шешті

Бағдат Мусин Apple компаниясымен бірге қазақстандықтарды алаңдатқан мәселені шешті
ашық дереккөзі
50225
Ендігіде «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі деп хабарлады turkystan.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік. Енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп, iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдардағы аталған проблема шешілді» деп жазды Бағдат Мусин әлеуметтік желіде.

Тағы оқи отырыңыз: Бағдат Мусин өзіне бағынысты орталықтың жұмысын жасырын тексерді

Серіктес жаңалықтары