Қазақстан мен Ресей арасында соғыс болуы мүмкін бе? - ресейлік сарапшы

Қазақстан мен Ресей арасында соғыс болуы мүмкін бе? - ресейлік сарапшы

Қазақстан мен Ресей арасында соғыс болуы мүмкін бе? - ресейлік сарапшы
ашық дереккөзі

Кейінгі кезде саяси сараптама жасап танылып жүрген ресейлік режиссер Александр Сокуров Қазақстан мен Ресей арасындағы соғыстың мүмкіндігі туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы режиссер Сокуров «ещёнепознер» YouTube арнасына берген сұхбатында тілге тиек етті.

Сұхбатта журналистің (Бейнежазбада сұрақ 43:44 минуттан басталады, - ред) «Сіз 2007 жылы Қазақстанмен қақтығыстың болатынын айтып едіңіз. Әлі осы ойдасыз ба?» - деген сұрағына режиссер: «Иә, әрине. Өйткені, ұлттық мәселелер әлі шешілген жоқ. Мен ашық айтқым келмейтін бір нәрсе бар. Мұны айтсам, қателесуім де мүмкін. Ол жерде бізге қиын болады. Егер Украинадағы жағдай басқаша болып жатса, Қазақстанда үлкен күштер соқтығысуы мүмкін. Сол кезде біздің елге өте қиын болады», – деді Сокуров.

Бұған дейін режиссер Александр Сокуров Ресейдегі азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшелерімен онлайн-кездесуде Ресей сияқты кедей елге соғыстың бюджетке қымбатқа түсетінін айтқан болатын.