Кейінгі екі айда 400-ге жуық есірткі қылмысы әшкереленді

Кейінгі екі айда 400-ге жуық есірткі қылмысы әшкереленді

Кейінгі екі айда 400-ге жуық есірткі қылмысы әшкереленді
ашық дереккөзі
Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. 2019 жылы заңнамаға түзетулер енгізгеннен бері ішкі істер органдары 182 келі «синтетика» тәркілеп, 35 есірткі зертханасын таратты.
«Барлық жағдайда химиялық прекурсорлар, реагенттер және зертханалық жабдықтарды Қазақстанға көршілес елдерден логистикалық компаниялардың пошта жөнелтілімдері арқылы әкелгені анықталды. Сондықтан Ішкі істер министрлігі күдікті жүктерді анықтап, көлік-логистика компанияларымен тығыз байланыста жұмыс істейді», - деді Әмірханов.
Оның айтуынша, өткен айда елордада Family Village саяжай қалашығындағы үйлердің бірінде есірткі өндіріп, оны қалада көтерме саудамен сатқан жергілікті тұрғындар ұсталған.
«Тергеу барысында 1200 «Экстази» таблеткасы, 2 келі Альфа-ПВП және 140 литр прекурсор тәркіленді. Екі айда ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтады. Оның ішінде 248 сату фактісі, 85 аса ірі көлемде сақтау фактілері анықталып, 7 дәріхана зертханасы жойылды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында есірткі полицейлері 422 келі есірткі, оның ішінде 196 келі гашиш, 213 келі марихуана және 6 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркіледі. Ал осы күнге дейін, біз 40 келіге жуық синтетикалық зат тәркіледік», - деді Бақытжан Әмірханов.