Алматы облысы Белбұлақ ауылының әкімі Нұрбол Досымбаев Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыста салмағы 40 келі қошқарды 1 минутта 50 рет көтерді деп хабарлады turkystan.kz. Оның қошқарды көтерген кездегі бейнежазбасы Instagram-дағы Talgarnewskz парақшасында жарияланды. Нұрбол Досымбаев Талдыбұлақ ауылында туып-өскен. Оның жерлесі 12 жастағы Досжан Қалинұр да көзге түсті. Ол Талғар ауданында өткен Наурыз мерекесінде 30 келі тартатын қошқарды 115 рет көтерді. Досжан - 5-сынып оқушысы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram