Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, 27 наурыздағы есеп бойынша, 4 424 адам коронавирус инфекциясынан (3 396 КВИ+ және 1 028 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 466 пациент стационарда, 3 958 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 43 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 10 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды. 229 адам коронавирустан емделіп шықты.
Жүктелуде...