Майнинг фермалары бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды

Майнинг фермалары бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды

Майнинг фермалары бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
50285
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың майнинг фермалары бойынша берген тапсырмасы орындалып жатыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. АЙТЫЛДЫ: «Барлық майнинг фермаларын анықтап, салық және кеден мәселелерін тексеру, сонымен қатар шарттардың берілуіне негіз болған техникалық талаптар мен қызметтің басқа да аспектілерін зерттеу қажет». ОРЫНДАЛДЫ: - 51 майнинг ферманың заңсыз қызметіне тосқауыл қойылды, 55 ферма қызметін өздігінен тоқтатты; - техникалық талаптарсыз олардың энергия қуаты көздеріне заңсыз қосылу, арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында рұқсатсыз орнатылу, сондай-ақ салық және кеден төлемдерінен жалтару деректері анықталды; - 25 қылмыстық іс қозғалып, құны 100 миллиард теңге болатын 67 мыңнан астам құрал-жабдық тәркіленді; - қабылданған шаралар еліміздегі электр қуатын тұтынуды 600 мегаватқа дейін төмендетуге мүмкіндік берді; - майнинг пен цифрлық активтерді нормативтік реттеу ісі қатаңдатылды. Тағы оқи отырыңыз: Ақорда үш елдің президентінен келген жеделхат мәтінін жариялады

Серіктес жаңалықтары