Қостанай облысының полициясы автокөлік сатып алуға 482 млн теңге жұмсамақ

Қостанай облысының полициясы автокөлік сатып алуға 482 млн теңге жұмсамақ

Қостанай облысының полициясы автокөлік сатып алуға 482 млн теңге жұмсамақ
ашық дереккөзі
Қостанай облысының Полиция департаменті екі тендер конкурсына өтініш қабылдайтыны туралы жариялады. Ведомство басшылығы Chevrolet Cobalt маркалы 72 автомобиль сатып алмақ деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Полиция департаменті әрбір автокөлік үшін 6,7 млн теңге төлемек. Ведомство екі хабарландыру арқылы 72 автокөлік сатып алуды жоспарлап отыр. Қостанай полициясы алдымен 174,2 млн теңгеге 26 автокөлік сатып алуға ниетті екенін айтты. Әзірге конкурсқа өтініш берген бір ғана компания көрсетілген. Ол – «Allur «Сауда Үйі» ЖШС. Тендерге өтініш беру мерзімі 26 наурызда аяқталады. «Путешествие по госзакупкам» Telegram-арнасының дерегінше, 2021 жылдың желтоқсанында Қостанай облысының полициясы әрбіріне 5,9 млн теңге төлеп Chevrolet Cobalt маркалы 23 автокөлік сатып алған. Сол кезде жалпы сома 135,5 млн теңгені құраған.