Балқаш тұрғындары Ұлытау облысының құрамына қосылғылары келмейді (ВИДЕО)

Балқаш тұрғындары Ұлытау облысының құрамына қосылғылары келмейді (ВИДЕО)

Балқаш тұрғындары Ұлытау облысының құрамына қосылғылары келмейді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Балқаш қаласының тұрғындары жаңадан құрылатын Ұлытау облысына қосылғысы келмейтінін айтты. Тұрғындар Қарағанды облысына бағынғысы келетінін мәлімдеп, осыған байланысты арнайы өтініш жасады деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
«Жезқазған қаласы Қарағанды қаласынан екі есе алыста орналасқан. Балқаш қаласының көп тұрғыны қарт, денсаулығы нашар адамдар, Балқаштан Жезқазғанға дейінгі жолды көтере алмайды», - дейді тұрғындардың бірі.
Балқаш тұрғындары бірнеше жылдан бері Қарағандыға апаратын автобан құрылысының аяқталуын күтуде. Құрылыс аяқталса, облыс орталығына дейінгі жол шамамен екі сағат болады. Сондай-ақ «аймақтағы билік неғұрлым жақын болса, бақылау соғұрлым көп болады» дейді белсенділер. Қазіргі таңда өтінішке 10 мыңға жуық адам қол қойды. Бұған дейін Балқаш Жезқазған облысының құрамында болған. Кейінірек оны Қарағанды облысымен біріктірген. Өткен аптада Мемлекет басшысы Ұлытау облысының құрылатынын жариялады. Жергілікті билік өтініш туралы білетінін айтты және оны шекараны анықтайтындарға жеткізуге уәде берді.