Допингпен ұсталған Исламхан алаңға шығады

Допингпен ұсталған Исламхан алаңға шығады

Допингпен ұсталған Исламхан алаңға шығады
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Алматының «Қайрат» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан қараша айында қайтып жасыл алаңға шығады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл хабарды  инсайдер Айдын Қожахмет әлеуметтік желіде жариялады. Ол заңгерлердің футболистің екі жылдық шеттетуін қысқарта алмағанын айтып, осы жылдың соңына таман еуропалық клубтардың бірінде ойнай алатынын айтты.
«Азиялық футбол федерациясы Бауыржан Исламханды 2020 жылы қараша айында жазаға тартқан еді. Сол кезде оның допингке байланысты Біріккен араб әмірліктерінің «Әл-Айн» клубымен келісімшарты бұзылды. Енді ол қарашада елімізде футбол маусымы біткенде ешбір командаға қосыла алмайды. Ол қарт құрлықтағы жасақтардың біріне еркін агент ретінде бара алады», - деді ол.
Ал бүгін еліміздің ұлттық құрамасы Молдова командасымен UEFA Ұлттар лигасының өтпелі сатысындағы алғашқы матчын өткізіп, сырт алаңда 2:1 есебімен жеңді. Енді командалар 29 наурызда тағы бір рет кездеседі. Бұл матч астанада болады. Екі ойында доп айырмашылығымен жеңіске жеткен құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтаса, ұтылған құрама D лигасында сынға түседі.