Украина президенті әлем халқына үндеу жолдады

Украина президенті әлем халқына үндеу жолдады

Украина президенті әлем халқына үндеу жолдады
ашық дереккөзі
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық әрекеттерін бастағанына бір ай толуына орай, әлем халқын Украинаға қолдау көрсету үшін көшеге шығуға шақырды деп хабарлады turkystan.kz Aljzeera-ға сілтеме жасап. Ол үндеуін АҚШ президенті Джо Байден қатысатын Брюссельде өтетін НАТО-ның төтенше саммиті қарсаңында айтты.
 «Біз осы уақыт ішінде кімнің дос, кімнің серіктес екенін және бізге кім сатқындық жасағанын білдік», - деді Зеленский мәлімдеме кезінде.
Бір айлық қақтығыс салдарынан мыңдаған адамдар қайтыс болып, жарақат алды және Украинаның 44 миллион халқының төрттен бірі үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар Украинаның көпшілік бөлігі апат салдарынан зардап шекті. Бұған дейін АҚШ «Ресей күштері Украинада әскери қылмыс жасады» деп мәлімдеген болатын.