Польшада карантиндік шараларды алып тастады

Польшада карантиндік шараларды алып тастады

Польшада карантиндік шараларды алып тастады
ашық дереккөзі
Польша билігі 28 наурыздан бастап республикадағы бетперде режимін және шетелдіктер үшін карантин шараларын алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы республиканың Денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский 24 наурызда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Мен 28 наурыздан бастап бетперде кию міндетін алып тастау туралы шешім қабылдадым. Алайда, бұл шешімнің медициналық мекеме қызметкерлеріне және пациенттерге қатысы жоқ. Бірақ адам көп жиналатын жерлерде бетпердеден бас тартпауға кеңес беремін», - деді ол. «Екінші шешім – үйде оқшаулауды, бірге тұратын және сырттан келген адамдар үшін карантинде отыру шараларын жою», - деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Мұндай жағдайда тиісті шешімдер қабылданатынын айтты. Польшада 2020 жылдың 4 наурызынан бастап Covid-19 вирусын 5,9 миллион адам жұқтырған. Олардың 114 мыңнан астамы қайтыс болды. Қазіргі таңда республикада вакцинацияның толық курсын 38 миллион халықтың 22,3 миллионы алған.