Еліміздегі айналдырған 17 әкімнің 80 орынбасары бар

Еліміздегі айналдырған 17 әкімнің 80 орынбасары бар

Еліміздегі айналдырған 17 әкімнің 80 орынбасары бар
ашық дереккөзі
Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерінің кемі 4 орынбасар «ұстап» отырғаны анықталды деп жазды turkystan.kz. Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, айналдырған 17 әкімнің 80 орынбасары бар болып шықты. Орынбасары көп әкімдердің арасында елорда басшысы Алтай Көлгінов көш бастап тұр. Қалалық әкімдік сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Алтай Көлгіновтің 6 орынбасары бар. Ал Шымкент қаласы, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында әкімдер 5 орынбасардан «ұстап» отыр. Орынбасары ең «аз» әкімдердің қатарына Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, БҚО әкімі Ғали Есқалиев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова және Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов кіреді. Олардың әрқайсысында 4 орынбасардан бар. Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әкімдердің орынбасарлары үшеу, ары кетсе төртеу болуы керек деген тапсырма жүктеген еді. Көріп отырғанымыздай, әзірге Қазақстанда 3 орынбасары бар әкім жоқ.