НАТО: Ресей 40 мың сарбазынан айырылды

НАТО: Ресей 40 мың сарбазынан айырылды

НАТО: Ресей 40 мың сарбазынан айырылды
ашық дереккөзі
НАТО Украина аумағында қаза тапқан, жараланған, тұтқынға алынған және із-түзсіз жоғалған ресейлік сарбаздар саны 40 мыңға жуық екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Альянстың жоғары лауазымды әскери шенеунігінің айтуынша, солтүстікатлантикалық Шарт Ұйымы аталған көрсеткіш Украина билігі мен Ресей берген ақпаратқа негізделіп жасалған. НАТО сарапшылары болған қақтығыстардың орташа статистикасына сүйене отырып, жалпы көрсеткішті есептеді. Олардың бағалауынша, шабуыл басталған 24 ақпаннан бері 7 мыңнан 15 мыңға дейінгі ресейлік сарбаз қаза тапқан. Еске сала кетсек, Ресей Украинаға қарсы әрекеттерін 190 мыңға жуық әскермен бастады. Кейінірек Шешенстаннан, Сириядан және басқа да аймақтардан қосымша әскер алды.