«Депутаттардың көпшілігі қазақ тілін еркін меңгерген» – Ерлан Саиров

«Депутаттардың көпшілігі қазақ тілін еркін меңгерген» – Ерлан Саиров

«Депутаттардың көпшілігі қазақ тілін еркін меңгерген» – Ерлан Саиров
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаттарына мемлекеттік тілді меңгеруге бюджеттен қаражаттың қажеті жоқ. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фейсбук парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекеттік тіл - мемлекетіміздің басты символдарының бірі. Сондықтан, мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Мәжіліс депутатының борышы. Мәжілістің отырыстарының басым бөлігі мемлекеттік тілде өтеді. Депутаттардың көпшілігі қазақ тілін еркін меңгерген. Геннадий Шиповских, Снежанна Имашева, Наталья Дементьева, Ильяс Буларов қазақша бізден артық сөйлемесе, кем сөйлемейді. Бұл әріптестеріміз мемлекеттік тілді басқаға кәсіби түрде үйрететін әлеуеті бар! Басқалары өздігінен үйренеді. Бюджеттен қаржы қажеті жоқ» деп жазды Ерлан Саиров.
Тағы оқи отырыңыз: Ресей кеденшілері астық пен қанттың ірі партиясын Қазақстанға өткізбей қойды