50248
Ресейдегі InDriver қызметкерлері Қазақстанға көшіп келеді
Ресейдегі InDriver қызметкерлері Қазақстанға көшіп келеді

InDriver халықаралық жолаушылар тасымалы сервисінде жұмыс істейтін қызметкерлердің негізгі бөлігі Қазақстанға көшіп келмек. Бұл жайлы Chocofamily Holding-тің негізін салушы әрі иесі Рамиль Мухоряпов хабарлады деп жазды turkystan.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап.
Мұны InDriver-дің басшысы Арсен Томский де растаған.
«Арсен Томскиймен кездестік. Ол команданың негізгі (шешуші) бөлігі Қазақстанға көшеді деген ақпаратты растады. Бұл - біздің еліміз үшін керемет жаңалық! Қонақтарды Алматыда қуанышпен күтіп алуымыз керек. Олар – Ресейдегі мықты адамдар. Енді олар Қазақстанда тұрып, осында салық төлейді, қаржы жұмсайды. Қазақстан тұрғындарына технологияны үйретеді» деп жазды Рамиль Мухоряпов әлеуметтік желіде.
Тағы оқи отырыңыз: Қытайдағы ұшақ құлаған ауданда бірде-бір адамның мәйіті табылмады (ВИДЕО)