Тоқаев Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды

Тоқаев Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды

Тоқаев Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды
ашық дереккөзі
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған.
«Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сонымен қатар аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп болжанып отыр», – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды. Еске сала кетсек, 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш түтін құбырының бірінің мұржасы құлады. Тағы оқи отырыңыз: Петропавлда ЖЭО құбыры құлады (ВИДЕО)