Головкин Dеcision Dividida рейтингін бастап тұр

Головкин Dеcision Dividida рейтингін бастап тұр

Головкин Dеcision Dividida рейтингін бастап тұр
ашық дереккөзі
Dеcision Dividida порталы өзінің Facebook парақшасында pound-for-pound үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Рейтингте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0) бірінші орында тұр. Екінші орынға никарагуалық Роман Гонсалес «Чоколатито» (46-0), үшінші орынға украиндық Василий Ломаченко (7-1) жайғасқан. Үздік ондыққа ресейлік Сергей Ковалёв (30-1-1), америкалық Андре Уорд (31-0), мексикалық Сауль Альварес «Канело» (48-1-1), филиппиндік Мэнни Пакьяо (59-6-2), украиндық Владимир Кличко (64-4)  мен пуэрторикалық Мигель Котто (40-5) енген.