Президент Мирзиёевтің туысы 8 адамның өмірін қиған апатқа кінәлі болып шықты – БАҚ

Президент Мирзиёевтің туысы 8 адамның өмірін қиған апатқа кінәлі болып шықты – БАҚ

Президент Мирзиёевтің туысы 8 адамның өмірін қиған апатқа кінәлі болып шықты – БАҚ
ашық дереккөзі
13 наурызда Өзбекстанның Джизах облысы Замин ауданы Даштабад қаласындағы тас жолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz ozodlik.org-ке сілтеме жасап. Қайтыс болғандардың үшеуі – 5, 7 және 10 жастағы балалар. Мәліметтер бойынша, Даштабад-Замин тас жолының бойымен қатты жылдамдықпен келе жатқан Kia көлігінің жүргізушісі басқа көлікті басып озу кезінде тізгінге ие бола алмай, қарсы жолақпен келе жатқан Nexia көлігіне соғылған. Жантүршігерлік апаттың куәгерлері Kia көлігін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің туысы, 15 жасар Ибрагим Абдукаримов жүргізгенін айтады. Аты-жөнін жарияламауды өтінген куәгер жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы дәл үйінің жанында болғанын айтты.
- Мен апат орнына оқиға болғаннан кейін бес минуттай уақыт өткен соң келдім. Kia көлігін жас бала жүргізіп келе жатқан. Оны бірден басқа көлікке отырғызып, ауруханаға жеткізді. Nexia көлігінің жүргізушісі мен жолаушыларына жедел жәрдем келіп, оларды да ауруханаға жеткізді, - дейді куәгер.
Бейнежазбадан Kia көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен оң жақтағы ақ түсті Nexia көлігін басып озып, тізгінге ие бола алмай, қарсы келе жатқан қара түсті Nexia көлігіне соғылғанын көруге болады. «Республикалық жедел медициналық көмек көрсету ғылыми орталығы» РМК-ның Джизах филиалы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Б. Холмырзаев жолдаған хабарламада осы апаттан сегіз адамның қаза тапқаны, бір адамның жарақат алғаны расталған. дерек Хабарламада  Nexia автокөлігінде «Холкабод» мәжілісінің 60 жастағы тұрғыны Хожам Бекмұротов, оның әйелі, ұлы мен келіні, үш немересі мен жиені (жүргізуші), барлығы сегіз адам болғаны айтылған. Kia автокөлігінің жүргізушісі 15 жастағы Ибрагим Абдукаримов бас миының шайқалуы, оң жақ сан сүйегі мен сол жақ жіліншік сүйектерінің жабық сынуымен жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы оқи отырыңыз: Өзбекстан ЛХР мен ДХР-дың егемендігін мойындаудан бас тартты