«Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру» – Президент

«Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру» – Президент

«Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру» – Президент
ашық дереккөзі
Бұл жайында еліміздің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттау рәсімінде  Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Ең алдымен баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - тарихы терең төл мерекеміз. Әз-Наурыз табиғатты түлетіп, тіршілікке нәр береді. Жаңару мен жаңғыруға үндейді», - деді Президент.
Сондай-ақ ол халыққа жасаған Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» құруға жол ашатын маңызды бастамалар ұсынғанын айтты.
«Мұның бәрі - елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың заңды жалғасы. Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру. Сондай-ақ халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту. Ең бастысы – қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыру», - деді Мемлекет басшысы.
Тағы оқи отырыңыз: Бір күнде «Құрмет» орденімен 94 адам марапатталды