Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған елшілер наградталды

/
Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған елшілер наградталды
ашық дереккөзі
Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған елшілер наградталды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғандарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.  Марапат иелерінің тізімі:
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Калетаев Дархан Аманұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  І дәрежелі «Айбын» орденімен
Қызыр Думан Манарбекұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі;
  ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
Қаражанова Макка Сағынғалиқызы – Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина
Маслюк Галина Дмитриевна – Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина;
  «Құрмет» орденімен
Әлібеков Аслан Аманжолұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған);
   «Ерен еңбегі үшін» медалімен
Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы – Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі
Кагенов Азамат Мағжанұлы – Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы
Маманов Дархан Серікұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы
Сәбитұлы Бекзат – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы  – консулы;
  «Шапағат» медалімен
Амангелдин Руслан Берекеұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары
Денисенко Анна Владимировна – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі
Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы
Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі.
 
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары