Далада адасқан ақтөбелік құтқарылды (ВИДЕО)

Далада адасқан ақтөбелік құтқарылды (ВИДЕО)

Далада адасқан ақтөбелік құтқарылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50251
2022 жылғы 16 наурызда Ақтөбе облысына қарасты Бекқұл баба кентінен Белогорка ауылына жолға шыққан ер адам ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен деп жазды turkystan.kz. ТЖД 4 адамнан тұратын жедел топ құрып, арнайы Треколь көлігімен ер адамды іздеуге жіберген.
«Сол күні сағат 22:27-де Бекқұл баба вокзалынан 6 шақырым жерде 1953 жылы туған ер адам табылып, құтқарылды. Белгілі болғандай, 69 жастағы азамат дауылды ескертуге мән бермей, үйіне жаяу барғысы келген. Салдарынан қолы мен бетін үсік шалған. Жәбірленуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды» деп жазылған Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тағы оқи отырыңыз: Ақтөбе әуежайы бір айға жабылады

Серіктес жаңалықтары