Өзбекстан Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындамайтынын және Украинадағы әскери әрекеттер бейбіт жолмен шешілуі керектігін айтты деп хабарлады turkystan.kz Интерфакске сілтеме жасап.
«Біз қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін қалаймыз. Сондай-ақ соғыс пен агрессияға қарсымыз. Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырамыз. Өзбекстан Украинаның аумақтық бірлігі мен егемендігін мойындайды. Біз ЛХР мен ДХР-ды егемен республика ретінде мойындамаймыз», - деді Сыртқы істер министрі Камилов.