Қазақстандық туристерді Оңтүстік Корея әуежайында күштеп ұстаған

Қазақстандық туристерді Оңтүстік Корея әуежайында күштеп ұстаған

Қазақстандық туристерді Оңтүстік Корея әуежайында күштеп ұстаған
ашық дереккөзі
126
Оңтүстіккореялықтар саяхаттап барған бір топ Қазақстан азаматтарын әуежайда күштеп ұстаған, деп хабарлайды Алматы арнасы. Оңтүстік Кореяға сапар шеккен қазақстандықтардың бірі Досбол Сауранбаевты өз базынасын жасырып қалған жоқ. Сол мемлекеттің өкілдері ештеңе түсіндірместен, екі күн бойы бір топ Қазақстан азаматтарын ұстаған. Ал сыртқы істер министрлігі мұны қауіпсіздік шараларын күшейтумен байланыстырып отыр. Жұбайы туған күніне Оңтүстік Корея еліне жолдама алып берген Досбол Сауранбаев, сол елге барғанына өкінеді. Себебі жоспарлаған саяхаты Инчхон әуежайында аяқталған. Әуежай қызметкерлері мән-жайды түсіндірместен Досболды белгісіз бөлмеде күштеп ұстаған. «Полиция ма, күзетшілері ме, әйтеуір қызметкерлері келіп алып кетті. Содан бізді бір бөлмеге апарып, тағы да сұрады.  Сосын бізге аудармашы алып келді. Біз оған не үшін келгенімізді  түсіндірдік. Олар қанша ақшамыз бар екенін сұрады. Сұрақтардың бәріне жауап бердік»,– деді Досбол Сауранбаев. Бір апталық саяхат 2 күнге ғана созылған. 19-шы қарашада барған алматылық турист өзінен басқа тағы 8 қазақстандықтың «жертөледе» болғанын айтады. Осы уақыт аралығында Досбол жүгінген туристік агенттік онымен байланысты үзбеген екен. «Біздің менеджеріміз Досболмен байланысып отырды. Корейдегі елшілікке де хабарласуға тырыстық. Тұтынушымызды әуежайда ұстау себебі, қонақүй әкімшілігі бронның болғанын растамаған. Ал бізбен хабарласқанда туристі күтіп отырғанын айтқан борлатын. Қазір бұл мәселені шештік. Қонақ үй төленген қаржының 50 пайызын, біз қалған бөлігін төлеуге келістік»,- деді «Kupitur» Туристік агенттігінің директоры, Мадина Құдайбергенқызы. Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корея елінде болу ережесін ведомствоның ресми сайтында көрсетілгенін айтады. Мұндай оқиға ол жақтағы қауіпсіздік шарасын күшейтумен байланысты.

Серіктес жаңалықтары