«Көңілімді түсірді»: Аймағамбетов елді дүрліктірген видеоға қатысты пікір білдірді

«Көңілімді түсірді»: Аймағамбетов елді дүрліктірген видеоға қатысты пікір білдірді

«Көңілімді түсірді»: Аймағамбетов елді дүрліктірген видеоға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы облысының Талдықорған қаласындағы №4 орта мектепте оқушының ұстазға балағат сөз айтқан видеосына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Аймағамбетовтің айтуынша, оқушы мен кәмелетке толмаған балалар үшін жауапты ата-анаға қатысты заңнамаға сәйкес шара қабылданады.
«Отандастарым сияқты мен де Талдықорғандағы №4 орта мектепте түсірілген мұғалім мен оқушы арасындағы жағдай туралы видеоны көрдім. Әрине, оқушының ұстазға дауыс көтеріп сөйлегені көңілімді түсірді. Қай заманда болмасын, азаматтарымыз үлкендерге, әсіресе, ұстаздарға құрметпен қарайтын, оларды сыйлайтын. Үлкенді сыйлау, отбасы құндылығы, адалдық, инабаттылық, еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, заңға бағыну және отансүйгіштік болашақ ұрпақты тәрбиелеудің негізі болуы керек. Бүгін мен №4 орта мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлестім. Ол білім саласында 11 жыл бойы қызмет етіп келеді. Әріптесіме қолдау сөздер айтып, қажырлы еңбегі, шыдамдылығы мен адалдығы үшін алғыс білдірдім» деп жазды министр Тelegram-да.