Елімізде тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 600 мыңға жуықтады

Елімізде тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 600 мыңға жуықтады

Елімізде тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 600 мыңға жуықтады
ашық дереккөзі
Қазақстанда 590 мың азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 210 мыңының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Марат Қарабаевтың айтуынша, азаматтар әкімдіктердегі пәтер кезегіне 6 санат бойынша тұра алады. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 47 мың 793 адам баспана кезегінде тұр. Бұл тізімге ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар (2729), халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері (19 658), мемлекеттік, бюджеттік және әскери ұйым қызметшілері (19 737), баспанасы апатты деп танылғандар (68) және көпбалалы аналар (5601) кіреді. Баяндама барысында вице-министр Үкіметке Қазақстан халқының табысын арттыруға бағытталған 12 бағдарламаны таныстырды. Соның бірі – әлеуметтік осал топ өкілдерін баспанамен қамту мәселесіне арналған.
«Бүгінде елімізде 69 мың 300 әлеуметтік осал жағдайдағы азаматтар бар. Осы мұқтаж жандарды қолдау үшін оларға мемлекет қаражаты есебінен нарықтан баспананы жалға алу құнының жартысын өтеу ұсынылады. Инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі іске асыру үшін 160 мыңға дейін жеке жер учаскесіне қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізіледі», - деді Марат Қарабаев.