«Зеленский дәуірлік соғыста жеңіске жетіп жатыр» - Саакашвили

«Зеленский дәуірлік соғыста жеңіске жетіп жатыр» - Саакашвили

«Зеленский дәуірлік соғыста жеңіске жетіп жатыр» - Саакашвили
ашық дереккөзі
Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили аштық режимін тоқтатқанын айтып, Украинадағы жағдай туралы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Саясаткердің айтуынша, аштық жариялауды тоқтату туралы шешімді Украинада 2014 жылдан бері соғысқан грузиндердің және Украина Қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшысының өтініші бойынша қабылдаған. Тағы оқи отырыңыз: «Ресейлік терроризмді тоқтатыңдар»: Украинада 15 күнде 71 сәби қаза тапты
«Жағдай тура мен бірнеше жыл бұрын айтқандай болып жатыр. Батыр украиналықтар мен Владимир Зеленский дәуірлік соғыста жеңіске жетіп жатыр. Әлем көз алдымызда өзгеріп жатыр. Киев - Грузия үшін жаңа Константинополь, енді еркін елдің астанасы және солай қалатыны сөзсіз. Бұл жағдайда бірлік пен дайындық ауадай қажет. Мен аштық режимімді тоқтатамын. Қазір саналы ой, денсаулық пен толық мобилизация және әлсіз емес, мықты болу қажет. Жеңісті асқан дайындықпен қарсы алуымыз керек» деп жазды Саакашвили Facebook-тегі парақшасына.
Еске сала кетсек, Саакашвили 21 ақпанда грузиялық билікке жауап ретінде аштық жариялаған болатын.