«Кино болмайды»: Kinopark Қазақстанда жабылады (ВИДЕО)

«Кино болмайды»: Kinopark Қазақстанда жабылады (ВИДЕО)

«Кино болмайды»: Kinopark Қазақстанда жабылады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісі 1 сәуірден бастап жабылады деп хабарлады turkystan.kz. Кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмас Малдыбаевтың айтуынша, Ресей арқылы жұмыс істейтін үлкен голливудтық компаниялар кино беруден бас тартқан.

«Өкінішке қарай, жағдай осылай болып тұр. Ресей арқылы жұмыс істейтін голливудтық компаниялар бізге кино беруден бас тартып отыр. Бізде 1 сәуірден бастап көрсететін өнім жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы осы уақыттан бастап белгісіз мерзімге жабылуға мәжбүр. Өкінішті, әрине, бірақ шындықтың бетіне тура қарау керек. Жағдай мәз емес»,– деді А. Малдыбаев.

Енді 1 сәуірден бастап 20-дан астам кинотеатр тоқтаса, көптеген адам жұмыссыз қалады. 30 жылдан бері Ресейге жіпсіз байланған күніміз осылай болып тұр.