Жамбылда 2 жасар баланы пойыз басып кетті

Жамбылда 2 жасар баланы пойыз басып кетті

Жамбылда 2 жасар баланы пойыз басып кетті
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында 2 жасар баланы пойыз қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кезінде 2 жасар бала темір жол үстінде жалғыз болған.
«Екі жасар баланы темір жолға жүгіріп шыққанда, өтіп бара жатқан пойыз қағып кетті. Қайғылы оқиға 2022 жылғы 4 наурызда, сағат 17:52-де Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында болды. Қайғылы оқиға кезінде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы темір жолға жақын жерде тұрады», - делінген хабарламада.
Теміржолшылар темір жолдарда, вокзал платформаларында балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.