Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалды

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалды

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалды
ашық дереккөзі
ҰҚК Шекара қызметінің «Андас батыр» бөлімінде сарбаз ұшты-күйлі жоғалды деп жазды turkystan.kz. Аяқ астынан із-түзсіз кеткен Ұлықбек Бердішевті әскерилер мен туыстары екі күннен бері таба алмай жатыр. 19 жастағы сарбаз – Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы. Ол әскерге өткен жылдың қыркүйек айында келген. Әскери бөлімше таулы жерде орналасқан. Басшылық сарбаздың жоғалғанын сапқа тұру кезінде ғана байқаған. Әскери қызметкерлер бірден полицияға хабар берген. Қазір әскерилер де, тәртіп сақшылары да тау-тасты кезіп, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Ал сарбаздың туыстары ол әскерден қашуы мүмкін еместігін айтады. Оған біреулер қысым көрсетіп, бір жерде ұстап отырған болуы мүмкін деген күдік бар. Бірақ анасы әскерге кеткелі баласынан бір шағым естімепті. Әскери бөлімге келген әкесі мен ағасы әскерилермен бірге қазақ-қырғыз шекарасының маңынан Ұлықбекті іздеп жатыр.