Түнгі клубқа барған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты (ВИДЕО)

Түнгі клубқа барған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты (ВИДЕО)

Түнгі клубқа барған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
44 жастағы азамат жолдастарымен түнгі клубқа қыдырып барған. Бірақ қыдырыс соңы сәтсіз аяқталды деп жазды turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Алкогольдік ішімдік ішкен азаматтар фойеге шығып, төртінші қабаттағы баспалдақтың темір тіреуішінің жанына жиналады. Сол жерде үш жігіт тіреуішке асылып, ойнай бастайды. Бір кезде оң жақ шетте тұрған ер адам тіреуіштен ауып кетеді. Ол бар салмағымен төмен құлаған кезде жанындағы достары көмекке келіп үлгермеген. Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, тұрғын облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Жағдайы өте ауыр. Ал тәртіп сақшылары жанындағы жолдастарын бәстесіп, зардап шегушіні әдейі өзіне қол салуға итермелеу туралы күмән болмау үшін тергеп жатыр.
«Түнгі клубтардың бірінде қала тұрғыны төртінші қабаттан құлап, түрлі дене жарақатын алды. Қазір оған жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек беріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Ерболат Сарқұлов.