Алматыдағы Президент резиденциясының сүрілу себебі белгілі болды

Алматыдағы Президент резиденциясының сүрілу себебі белгілі болды

Алматыдағы Президент резиденциясының сүрілу себебі белгілі болды
ашық дереккөзі
Президент Іс басқармасы Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы неге сүрілетінін түсіндірді деп жазды turkystan.kz. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, сарапшылар резиденция ғимаратының пайдалануға жарамдылығы шектеулі деген қорытынды жасаған.
«Қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер нысанды өртеген. Өрт пен өте жоғары температура салдарынан ғимараттың барлық жүк көтергіш құрылымы мен шатырдың негізгі металл элементтері зақымданған. Нысанның сақталып қалған бөлігіндегі ыстың иісін толығымен жою мүмкін емес. Оның үстіне бүгінде нысанның кейбір құрылымдық элементтері қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді. Ғимараттың негізгі құрылымдарын қалпына келтіру және оның сейсмикалық нығайтылуына орасан зор күрделі салымдар қажет», - деді ПІБ өкілдері.
Сарапшылардың пікірінше, резиденцияны жөндеу және онда белсенді жұмыс істеу де қауіпті. Ғимаратты бұзу заңмен белгіленген барлық рәсімді сақтай отырып жүргізілетін болады.