Нұр-Сұлтанда есірткі өндіріп келген үш зертхананың көзі жойылды

Нұр-Сұлтанда есірткі өндіріп келген үш зертхананың көзі жойылды

Нұр-Сұлтанда есірткі өндіріп келген үш зертхананың көзі жойылды
ашық дереккөзі
Ел астанасында синтетикалық есірткі өндіріп келген 3 зертхананың көзі жойылды. Күдікті заңсыз кәсібін өткен жылдың желтоқсанында бастап, шикізатты шет елден алдырып отырған деп жазды turkystan.kz. Жергілікті Полиция департаментінің мәліметінше, өндірушінің бірі 19 ақпанда қолға түскен. Ол Талапкер ауылындағы жалдамалы үйлердің бірінде есірткі зертханасын ашқан. Осылайша, заңсыз затты елорда аумағында таратып, пайдаға кенелгісі келіпті. Күдікті заңсыз кәсібін өткен жылдың желтоқсанында бастап, шикізатты шет елден алдырып отырған. Дайындаған өнімін әлеуметтік желі арқылы сатып, биткоинмен есептескен. Елордалық тәртіп сақшылары дәл осындай тағы бір деректі анықтады. Бұл жолы есірткіні өз үйінде өндірген 23 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Бір қызығы, күдіктіге медициналық білімі бар азаматтық некедегі жұбайы көмектескен.
«Ұсталғандар қала шетінен баспана жалдап, белгілер қалдыру үшін көліктерді жалға алған. Олар есірткі өндіруге қажетті компоненттерді шет елден интернет арқылы алдырып отырған. Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы - 25 келі. Бұл шамамен 500 миллион теңге. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді Полиция департаментінің бастығы Марат Түлебаев.