Импорт арқылы келген ет тексерілмей ме?

ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшелері шекараның арғы жағынан келетін еттің арнайы тексерістен өтпей жатқанын анықтады, – деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымды айтсам, біз барлық импорттық өнімдер тексеріліп тұрады деп ойладық. Сөйтсек, ол өнімнің тек 5-6 пайызы ғана тексеріледі екен. Демек, қалған 94 пайызы ешбір тексеріссіз келеді. Бізде нақты статистика да бар. 2014 жылы қой етінің бір ғана партиясы тексерілді. Сондай-ақ балықтың жеті партиясы, шошқа етінің тоғыз партиясы және құс етінің тек отыз екі партиясы ғана тексерістен өткен. 2015 жылда қой етін мүлдем тексерген жоқ. Шошқа етінің үш партиясы тексерілді. Болды. Осы орайда біз азық-түлік қауіпсіздігі бар деп айта аламыз ба?», – деп сұрады комитет төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин отырыс барысында. Мұны Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мойындағандай болды.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті басшысының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолдановтың айтуынша, шынымен де 2014-2015 жылдары ет тексерісі қарастырылмаған. Дегенмен, ағымдағы жылда ондай тексеріс бар. «Қазақстанға жеткізілетін өнімнің тек 6 пайызы ғана тексеріледі. Алайда екі жылдың ішінде сіздер осы мақсатта 340 млн теңгені жаратып тастадыңыздар. Сонда ол ақша қаншалықты тиімді жұмсалды?», – деді Қозы-Көрпеш Жаңбыршин. Сондай-ақ «Агробизнес – 2020» бағдарламасына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесіне сенсек, бағдарлама аясында қыруар қаржы тиімсіз жұмсалған. Миллиардтаған ақшаға салынған құрылыс нысандары әлі күнге дейін қаңырап бос тұр. Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қымбат қондырғыларды не үшін сатып алғанын түсіндіре алмай дал.

Back to top button