«Канело» Головкиннің алдағы жекпе-жекте жеңіске жететініне сенеді

«Канело» Головкиннің алдағы жекпе-жекте жеңіске жететініне сенеді

«Канело» Головкиннің алдағы жекпе-жекте жеңіске жететініне сенеді
ашық дереккөзі
Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді деп жазды turkystan.kz. Америкалық журналистермен әңгімелесу барысында Сауль Альварес аталмыш жекпе-жекке қатысты өз ойымен бөліскен болатын. Сол кезде журналистердің бірі одан Геннадий Головкиннің жапондық қарсыласын жеңуі мүмкін бе деген сауалына «Канело»: «Головкиннің жеңіске жететіндігіне барынша сенгім келеді» деп жауап берді. Айта кетсек, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек осы көктемде, 9 сәуір күні Токио қаласында өтеді.