Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды

Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды

Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды
ашық дереккөзі
Елордада Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчта қостанайлық «Тобыл» алматылық «Қайрат» командасынан басым түсті деп хабарлады turkystan.kz. Қостанайлық футбол клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, «Тобыл» екі жыл қатарынан Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. Қостанайлықтар сапынан Серікжан Мужиков пен Айбар Жақсылықов гол соқса, «Қайрат» сапынан Жоао Пауло көзге түсті. Еске сала кетсек, «Тобыл» былтыр да Қазақстан Суперкубогын иеленген. Тағы оқи отырыңыз: Жаңа басшы қатпары қалың қазақ футболын жарыта ма?