Бүгін Украина мен Ресей Гомельде келіссөздің екінші раундын өткізеді

Бүгін Украина мен Ресей Гомельде келіссөздің екінші раундын өткізеді

Бүгін Украина мен Ресей Гомельде келіссөздің екінші раундын өткізеді
ашық дереккөзі
Бұл жолы да делегацияларды Ресей тарапынан Президенттің көмекшісі Владимир Мединский, ал Украина тарапынан Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк бастап барады деп жазды turkystan.kz. Алғашқы келіссөз кезінде Мәскеу келесідегідей талап қойған-ды:
  • Қырымды ресми мойындау;
  • Әскерді кері қайтару;
  • Украинаны ұлтшылдық идеологиядан тазарту;
  • Украина шетелдік қарудан бас тарту.
«Ортақ мүддеміз бар деп болжанып отырған бірнеше мәселені анықтадық. Ресей делегациясы келісімге қол жеткізу үшін қанша уақыт қажет болса, украин тарапымен келіссөздер жүргізуге дайын. Бастысы, келіссөз барысын жалғастыру туралы келісімге келдік. Алдағы уақытта Польша-Беларусь шекарасында кездесу өтеді», - деді Владимир Мединский.
Өз кезегінде Киев ресейлік әскердің Қырым мен Донбастан шығарылуын талап еткен болатын. Кейін Украина Президенті тараптар ортақ шешімге келе алмағанын айтты. Айта кетсек, 28 ақпанда Украина мен Ресей елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін Беларусь мемлекетінде келіссөз өткізген болатын. Кездесу 5 сағатқа созылып, қос тарап ортақ шешімге келе алмаған.