Түркістанда құны миллиард теңге болатын майнингтік ферма табылды (ВИДЕО)

Түркістанда құны миллиард теңге болатын майнингтік ферма табылды (ВИДЕО)

Түркістанда құны миллиард теңге болатын майнингтік ферма табылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шардара су электр станциясының жанында заңсыз жұмыс істеп, аса ірі мөлшерде табыс тапқан майнингтік ферма анықталды деп жазды turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
«Тінту кезінде майнинг жүргізуге арналған 2 899 құралғы табылды. Бұл құрал-жабдықтың құны 1 миллиард теңгеден асады. Криминалистің қорытындысына сәйкес, аталмыш ферма 2021 жылдың наурыз-желтоқсан айларында 450 миллион теңгеден астам табыс тапқан», - делінген агенттіктің хабарламасында.