Шардара су электр станциясының жанында заңсыз жұмыс істеп, аса ірі мөлшерде табыс тапқан майнингтік ферма анықталды деп жазды turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
«Тінту кезінде майнинг жүргізуге арналған 2 899 құралғы табылды. Бұл құрал-жабдықтың құны 1 миллиард теңгеден асады. Криминалистің қорытындысына сәйкес, аталмыш ферма 2021 жылдың наурыз-желтоқсан айларында 450 миллион теңгеден астам табыс тапқан», - делінген агенттіктің хабарламасында.