Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңесі құрамынан шығарылды

Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңесі құрамынан шығарылды

Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңесі құрамынан шығарылды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі барысында партияның саяси кеңесінің құрамы өзгерді деп хабарлады turkystan.kz. Съезд барысында «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия Жарғысының 9.1.1. тармағына сәйкес, саяси кеңестің құрамына өзгерістер енгізу тек қана партия съезінің құзіретіне кіретіндігін атап өтті.
«Сіздердің қарауларыңызға партия саяси кеңесінің құрамынан партия мүшелері Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Ниғматулинді шығару және олардың орнына партияның келесі мүшелерін енгізу ұсынылады: ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, «Астана» медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыров, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин», - деді ол.
Бұл ұсынысты съезд делегаттары бірауыздан қолдады.