Шығыс Қазақстан облысында вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр деп жазды turkystan.kz. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл оқиға бүгін, таңғы сағат 05.30-да Курчатов қаласының «Дегелең» стансасында болған. Екі маневрлік тепловозды қосқан кезде «Қаражыра - Дегелең» бағытындағы №3503 жүк пойызының көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып, 4 вагон бір жағына ауып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Жүктелуде...