Странджа кубогы: Назым Қызайбай алтын алды

Странджа кубогы: Назым Қызайбай алтын алды

Странджа кубогы: Назым Қызайбай алтын алды
ашық дереккөзі
Назым Қызайбай Болгариядағы «Странджа кубогінің» жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.  Кіші әлем чемпионатының финалында жерлесіміз алжирлік Роумайса Боуалмен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша Қызайбай айқын басымдықпен жеңіске жетті. Әлемнің екі дүркін чемпионы Болгариядағы жарыста қоржынға бірінші алтынды салды. Осыған дейін ерлер арасында Дамир Әбдіқадір мен өзбек Хасанбой Дусматов шығып, Олимпиада чемпионы басым түскен еді.