Ақтау қаласының тұрғыны жолдың ортасында шомылып, бейнежазбасын әлеуметтік желілерге жариялаған деп хабарлады turkystan.kz. ПД мәліметінше, жігіттер бұл әрекетке бәстен ұтып шығу мақсатында барған. Жолдың қақ ортасына шығып шомылу - бір тараптан екіншісіне қойылған талап.
«Жаяу жүргінгішілердің жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталды. Сондай-ақ жолда көбікті сумен шомылғандығы үшін және оған шомылуға көмек көрсеткендерге ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram