Зеленский Путиннің ұсынысына келісімін берді

Зеленский Путиннің ұсынысына келісімін берді

Зеленский Путиннің ұсынысына келісімін берді
ашық дереккөзі
Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің ұсынысына келісімін берді және ол атысты тоқтату мен бейбітшілік туралы келіссіөз жүргізуге дайын. Украина Президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың айтуынша, қазір келіссөздер өтетін орын мен оның уақыты белгіленіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Украина келіссөздер жүргізуден бас тартты деген ұғымды жоққа шығару керек болып тұр. Украина әлемде атысты тоқтату мен бейітшілік туралы сөйлесуге дайын екендігін мәлімдеп келген, әлі де солай болып қала бермек. Бұл - біздің тұрақты ұстанымымыз. Біз РФ Президентінің ұсынысына келістік. Осы уақытта келіссөздер жүргізілетін орын мен оның уақыты келісіліп жатыр. Келіссөздер неғұрлым ерте басталса, қалыпты өмірге соғұрлым ерте ораламыз» деп жазды Сергей Никифоров өзінің Facebook-тегі парақшасына.
Осыған дейін Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Минскіге Ресей делегациясын жіберуге дайын екенін мәлім еткен болатын. Кешірек Песков Украина тарапының келіссөздерді Беларусь астанасында жүргізу туралы ұсынысқа оны Варшавада өткізу туралы айтып, кейін байланысты үзгендігін жеткізді. Бұл ретте Ресей Президенті Владимир Путин Украина аумақтарын окупациялау Мәскеудің жоспарына кірмейтінін, операция жүргізудегі мақсат елді демилитаризациялау екенін ескертті. РФ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскер қалаларға соққы жасамайды, олар тек Украинаның әскери инфрақұрылымын істен шығаруды көздеп отыр. Сондықтан бейбіт тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.