Владимир Зеленский Ресейді қайтадан келіссөзге шақырды

Владимир Зеленский Ресейді қайтадан келіссөзге шақырды

Владимир Зеленский Ресейді қайтадан келіссөзге шақырды
ашық дереккөзі
Украина Президенті Владимир Зеленский Ресейді соғыс қимылдарын тоқтату туралы келіссөздерге қайта шақырды деп жазды turkystan.kz Reuters-ке сілтеме жасап. Мәлімдеме «Украина-24» телеарнасында көрсетілген видеоүндеуде айтылды. Трансляция YouTube арнасында жүргізілді.
«Ресей ерте ме, кеш пе, бізбен қақтығыстарды тоқтату туралы келіссөз жүргізуі керек. Бұл келіссөз неғұрлым ерте болса, Ресейдің шығыны да аз болады. Ресейдің Украинаға қарсы қақтығысының тоқтамауы Батыстың Мәскеуге салған санкцияларының жеткіліксіз екенін көрсетеді. Әлем Украинада болып жатқан оқиғаларды тек алыстан бақылап отыр», - деді Владимир Зеленский.
Қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Ресеймен Украинаның бейтарап мәртебесі туралы мәселені талқылаудан қорықпайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Владимир Зеленский «Бухарест тоғызынан» өз еліне қорғаныс көмегін сұрады. Саясаткер мұны Польша Президенті Анджей Дудамен талқылағанын Twitter-де жазды.
«Біз өз еркіндігіміз бен жерімізді қорғаймыз. Бірақ бізге тиімді халықаралық көмек қажет. Мен Бухарест тоғызына қорғаныс көмегі керек екенін айттым. Біз бірге Ресейді келіссөз үстеліне отырғызуымыз керек» деп жазды Владимир Зеленский.
«Бухарест тоғызы» - НАТО-ның шығыс флангындағы елдер арасындағы әскери ынтымақтастықты тереңдету үшін құрылған Орталық және Шығыс Еуропаның 9 елінің бірлестігі. Қауымдастыққа Болгария, Венгрия, Эстония, Литва, Латвия, Польша, Румыния, Словакия және Чехия кіреді.