Бозымбаев митингте кімді және неге балағаттағанын айтты (ВИДЕО)

Бозымбаев митингте кімді және неге балағаттағанын айтты (ВИДЕО)

Бозымбаев митингте кімді және неге балағаттағанын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев 4 қаңтарда Талдықорғандағы алаңда неліктен былапыт сөз айтқанын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz. Облыс әкімі қаңтардағы митинг кезінде өзін тыңдамай, шулай жөнелген халыққа басу айтып жатқанда «Тыңда, епт…» деп айқайлап жіберген еді. Оның айтуынша, мұндай сөзді халыққа емес, жанында жағаласып тұрған провакаторға қарата айтып қалған.
«Бұл сөзді халыққа айтқан жоқпын. Бір, бір жарым сағат халықтың арасында болдым. Олар әкімді тыңдағысы келді. Мен сөйлей бастаған кезде көпшілікті арандатпақ болған бір-екі жігіт айғайлай бастады. Мен ашуланып, біреуіне айғайлап жібердім», - деді әкім.
Сол сәтте-ақ өңір басшысы бірден микрофонды алып, халықтан кешірім сұраған. Өзінің сөзіне сенсек, алаңға жиылған халық түгелдей әкімге кешіріммен қараған.
«Мен де ол жерде қатты-қатты айтылған сөздерді естідім. Соның бәрін қабылдап, мәселені шешу үшін тұрғанда эмоциямен айтылған сөз болды. Бұл үшін кешірім де сұрадым. Сондықтан мұны үлкен әңгіме қылудың қажеті жоқ», - деді аймақ басшысы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Тағы оқыңыз: Қанат Бозымбаев алаңға шыққан жұртты балағаттаған (ВИДЕО)