Қаңтар оқиғасы: кәсіпкерлер шығынын дәлелдей алмай жүр (ВИДЕО)

Қаңтар оқиғасы: кәсіпкерлер шығынын дәлелдей алмай жүр (ВИДЕО)

Қаңтар оқиғасы: кәсіпкерлер шығынын дәлелдей алмай жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында 1600-ден астам кәсіпкер зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Жалпы шығын көлемі 95 млрд теңгеден асады. Бұл нақты тіркелгені ғана. Шығын көлемі әлі де өсуі мүмкін. Өйткені, құжаттары өртеніп, шығынын дәлелдей алмай жүргендер жетерлік.
«Менің бизнесіме келген шығын көлемі 35 млн теңге. Қолымызда құжаттарымыз бар. Бірақ оларды заңсыз деп қабылдамай жатыр. Себебі, бұл қағаздарда мөр немесе чек жоқ», - деді кәсіпкер Қарлығаш Еспенбетова.
5 млн теңгеге дейінгі шығынды комиссия 5 күнде қарастырып, құжаты дұрыс рәсімделгендерге қаржысын қайтарып берген. Қазір өтемақыны 602 кәсіпкер алып үлгерген.
«Отбасын асырап, бір мекеме қызметкерлерінің жалақысын төлеп отырған кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдап, көмектесуге тырысамыз. Әрине, өртеніп кеткен мекемелерде құжаттар да болмауы мүмкін. Оған байланысты біз өз тарапымыздан түсіністік танытып, барынша қолдау көрсетуге тырысып жатырмыз», - деді  Алматы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Бостандық аудандық филиалының басшысы Сәбен Тынышқали.
Тағы оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасы: полицейлер ұрып-соққан 6 адам қайтыс болды